Хабарландыру, бос логопед лауазымына конкурс » №27 бөбекжай-бақшасы
Государственное коммунальное казенное предприятие
«Ясли-сад №27»
отдела образования города Тараз
управления образования акимата Жамбылской области
Приемная
+7(7262) 43-67-33
Бухгалтерия
+7(7262) 43-67-33
Версия для
слабовидящих
» » Хабарландыру, бос логопед лауазымына конкурс
27
август
2024

Хабарландыру, бос логопед лауазымына конкурс

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би улица №5

Пошталық мекен- жайы: 

Телефон нөмірі: 8-7262- 436333detsad_27@list.ru

Мекеме атауы: «Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад №27» №27 бөбекжай-бақшасы» МКҚК.

Уақытша бос лауазым атауы: логопед

Еңбек ақы мөлшері:  1,0 штаттық   бірлік-100000(жүз  мыңнан жоғары)


Негізгі логопед маманының  функционалдық міндеттері:

Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: оларды оқыту мен тәрбие беруде денсаулық сақтайтын технологияларды қолданады.

     Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортанын қалыптастырады, (ойындық, танымдық, қозғалыс) жетекшілік етеді.

     Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық әдісін іске асырады.

     Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды, жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

     Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

     Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады.

     Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

     Отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

     Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту барысында ата-аналарға консультативтік көмек беруді іске асырады. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғайды.

     Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;

      психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.


Құжаттізбесі:

  • Жеке басын куәландыратын құжат(сәйкестендіруүшін);
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
  • Білімі туралы құжаттардың көшірмелері
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттар
  • Денсаулық жағдайына байланысты құжаттармен, анықтамалар
  • Біліктілік тестілеу сертификаты, түйіндеме

Конкурсқа құжатқабылдау мерзімі: 28.08 -09.09.2024ж

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив