Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Конкурс өткізу туралы хабарландыру
Орналасқан жері: Тараз қаласы, Төле би көшесі №5
Пошталық мекен- жайы:
Телефон нөмірі: 8-7262- 436333detsad_27@list.ru
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №27 бөбекжай-бақшасы» МКҚК.
Уақытша бос лауазым атауы: тәрбиеші ( орыс тілді топтарға)
Еңбек ақы мөлшері: 1,0 штаттық бірлік-100000(жүз мыңнан жоғары)
Тәрбиешінің функционалдық міндеттері:
1. Мектепке дейінгі мекеме ғимараты ішінде және балалардыі серуендеу алаңдарында балаларға мұқият қарайды.
2. Балалардың мектепке дейінгі мекемеде болуы кезінде олардың өмірі мен денсаулығы үшін жеке жауапкершілікке ие болады.
3. Бала бақшаның медициналық қызметкерімен бірге отырып, балалардың денсаулығын нығайтуға, психологиялық дене дамуына ықпал ететін кешенді іс-шаралар қткізеді.
4. Мектепке дейінгі басқа мекмелермен тығыз қатынаста бағдарламаға сәйкес білім беру - тәрбиелеу жұмысын жоспарлайды және іске асырады.
5.Сабақ өткізуде мұқият дайындалады.
6. Тәрбиелеу білім беру бағдарламасын сәтті іске асыру үшін топ ішінде қажетті жағдайлар жасайды.
7. Балалардың денсаулығындағы өзгеріс туралы бала бақшаның меңгерушісіне, медициеалық қызметкерге, ата-анасына өз уақытында хабар береді. медициналық бикеге келмеген балалар туралы хабар беріп, қатыспау себептерін анықтайды, қатысу есебі табелін жүргізеді.
8. Балаларды ұйымдасқан түрде ауысымдық тәрбиешіге өткізеді.
9. Бала бақшасында жоспарлаушы профилактикалық егу жұмыстарын ата-аналармен келіседі.
10. Сырқаттанудан соң бақшаға оралған балаларға ерекше көңіл бөлінеді.
11. Жаңадан келген балалардың бала бақшаға бейімделуіне көмектеседі.
12. Балаларға арнап бекітілген күн тәртібінің қатаң орындалуын қамтамасыз етеді.
13. Ұжым істерін басқаруға, педагогикалық кеңестіңң әдістемелік бірлестіктің жұмысына және кеңес берумен семинар өткізуге атсалысады.
14. Өз біліктілігін тұрақты арттырады, өз білімін жетілдіріп отырады.
15. Балаларды отбасында тәрбиелеу мәселесі бойынша ата-аналармен жұмыс істейді, оларды балалар бақшасымен белсенді түрде ынтымақтастыруға тартады.
16. Мектепке дейінгі мекеме басшылығы белгіленген құжатаманы жүргізеді.
17. Топқа бөлінген мүлікті, әдістемелік әдебиетпен құралды ұқыпты пайдаланады. Құрал-жабдықтар мен ойыншықтардың есебін жүргізеді.
18. Тәрбиеші көмекшісінің жұмысын басқарады.
19. Кесте бойынша қатаң түрде медициналық тексеруден өтеді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін;
психология және педагогика, алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасын, санитарлық ережелерді;
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық құжаттарын.
Құжаттізбесі:
- Жеке басын куәландыратын құжат(сәйкестендіруүшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іспарағы және фото;
- Білімі туралы құжаттардың көшірмелері
- Еңбек қызметін растайтын құжаттар
- Денсаулық жағдайына байланысты құжаттармен, анықтамалар
- Біліктілік тестілеу сертификаты, түйіндеме
Конкурсқа құжатқабылдау мерзімі: 06.08-14.08.2024ж